04
қараша
2025
“Буллингке – жоқ! Мейірімге – иә!”
Ашық тәрбие сағаты: “Буллингке – жоқ! Мейірімге – иә!”
6-сыныпта «Буллингке – жоқ! Мейірімге – иә!» тақырыбында мазмұнды ашық тәрбие сағаты өтті.
Шараның мақсаты – оқушылар арасында мейірімділік, достық, өзара сыйластық құндылықтарын насихаттау және буллингтің алдын алу болды.
Іс-шара барысында оқушылар топтық жұмыстар орындап, бейнероликтер тамашалап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Мектебіміздің психологтары оқушылармен бірлесіп, сенімді қарым-қатынас орнату, эмоцияларды басқару және қиын жағдайларды дұрыс шешу жолдары туралы тренинг өткізді. Сондай-ақ, қатысушылар мейірім, түсіністік және сыйластықтың маңызын ерекше атап өтті.
Ашық тәрбие сағатын 6-сынып жетекшісі Күмісбекова Ғазиза мектебіміздің психологтарымен бірлесе ұйымдастырды.