Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Тәуелсіздік тұғырым”
19
желтоқсан
2023

“Тәуелсіздік тұғырым”

 ҚР 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күніне және Желтоқсан көтерілісінің 37 жылдығына орай Ақсақалдар ұйымы мен №172 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік тұғырым” атты мерекелік кеш өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта
тәрбиелеу;
Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Кеш қонақтары:
Ұлы Отан соғысы ардагері статусын алған Нүптекеев Рахымжан;
Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы Сұлтанов Марат Ділмағұлұлы;
Құқық қорғау саласының ардагері, полковник Шоқпаров Марат;
Құқық қорғау саласының қызметкері Муканов Бахыт;
Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы Телғараев Қалибек аталарымыз келіп, жылы лебіздерін білдіріп, айтулы мерекемен құттықтап қайтты.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

15 желтоқсан 2023 Волейбол жарысы
13 желтоқсан 2023 “Өнерлі ұрпақ”
12 желтоқсан 2022 "Eco Network"
24 қараша 2022 Іс-шара
25 желтоқсан 2021 "Жасыл мектеп" жобасы
25 желтоқсан 2021 "Жасыл мектеп" жобасы
13 желтоқсан 2021 "Тәуелсіздік-тұғырым"
09 қыркүйек 2021 Іс шара
15 желтоқсан 2020 Тәуелсіздік тұғырым
05 қараша 2020 "Golden Autumn-2020"