III Халықаралық дәстүрлі Түркі интеграциясы олимпиадасы
Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында өткен III Халықаралық дәстүрлі Түркі интеграциясы олимпиадасында №172-мектеп-гимназиясының оқушылары үлкен жетістікке қол жеткізді! 11 «Г» сынып оқушысы Мүсіреп Бағжан мен 10 «Ә» сынып оқушысы Игітай Інжу 150-ге жуық қатысушының арасынан оза шауып, жүлделі II орынды иеленді!