10
ақпан
2026
«Тастамашы, ана!» фильмі
5-ақпаннан бастап еліміз бойынша барлық кинотеатрларда «Тастамашы, ана!» фильмі көрсетіліп жатыр. Осы фильмді тамашалау мақсатында мектебіміздің оқушылары кинотеатрға барып, әсерлі туындыны көріп қайтты. Фильм оқушыларға терең ой салып, тәрбиелік мәнімен ерекшеленді.
Бұл фильм башқұрттың әйгілі жазушысы Айгиз Баймұхаметовтің осы аттас кітабы бойынша түсірілген. Қазіргі кезде «Тастамашы, ана!» хикаяты 80 000 таралыммен шығып, бестселлер кітапқа айналды. Аталған кітапты қазақ тіліне ақын, қаламгер, аудармашы Саят Қамшыгер аударған.
Кино нарығында 15 жылдан бері келе жатқан отандық «Таудай Талап Production» компаниясы фильмді сапалы етіп түсіріп, көрерменге ұсынып отыр. Фильмнің режиссері – Рабиға Әбілпатта. Бас продюсерлер – Жадыра Сқабыл мен Дархан Балажанов. Қоюшы оператор – Бағдат Арғынов.