Спорттық жарыс
Алматы қаласы Медеу ауданы №172 мектеп-гимназиясында ардақты ұстаздарымыз Тоқтамбетов Ерғали Абдрахманұлының 60 жасқа, және Дүйсенұлы Айдынның 40 жасқа толуына орай мерекелік спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында ұстаздар арасында асық ату және волейболдан жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара достық қарым-қатынаста, көтеріңкі көңіл күймен сайысқа түсті. Бұл шара – ұжым ішіндегі бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттаған мәнді мереке болды.