Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ
Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ! Мектебімізде таңғы жаттығулар ұйымдастырылды. Барлық сынып оқушылары белсене қатысып, сергітетін қимыл-қозғалыстар арқылы жаңа күнді көтеріңкі көңіл-күймен бастады. Таңғы дене жаттығулары – оқушылардың бойын сергітіп қана қоймай, ынтасын арттырып, оқу процесіне белсенді қатысуына жол ашады. Денсаулыққа пайдалы бұл дәстүр алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.