1-сынып ата-аналарына психологиялық кеңес
1-сынып ата-аналарына психологиялық кеңес Бала үшін мектеп табалдырығын аттау – үлкен өмірге алғашқы қадам. Бұл кезеңде ата-ананың қолдауы мен түсінігі оның мектепке бейімделуінде шешуші рөл атқарады. 1. Баланың эмоциялық жағдайын қолдау Балаға жаңа ортаға бейімделу үшін уақыт қажет екенін түсініңіз. Сәтсіздікке тап болғанда кінәлаудың орнына, қолдау білдіріңіз. Әр жетістігін мақтап, сенім білдіріңіз. 2. Оқу мотивациясын арттыру Үй тапсырмасын орындауда қатаң бақылаушы емес, бағыттаушы болыңыз.