4 маусым -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай №172 мектеп-гимназиясының ұстаздары Отанға деген сүйіспеншілікті, құрмет пен патриоттық сезімді білдіре отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындады. Бұл-ел бірлігін, тәуелсіздігіміздің тұғырын айқындайтын ерекше күн. Рәміздеріміз-Ту, Елтаңба,Гимн-халқымыздың рухын көтеріп, ұлттың болмысын танытатын басты құндылықтар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-әр азаматтың парызы.