Алматы қаласы мәслихатының кезекті XXVIII сессиясы
Алматы қаласы мәслихатының кезекті XXVIII сессиясында қаланың бюджетін алғашқы нақтылау қолдау тапты. Бұл шешім әлеуметтік саланы қаржыландыруды ұлғайту және Алматы инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бұрын-соңды болмаған қадам болды. Нақтылау көлемі 226,9 млрд теңгені құрады,бұл қаражат: * 2024 жылдан қалған еркін қалдықтар есебінен -223,5 млрд теңге; * Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ішкі қайта бөлу есебінен-3,4 млрд теңге жиналды.