18 наурыз- Ұлттық киім күні
18 наурыз-Қазақстанда Ұлттық киім күні ретінде атап өтілетін ерекше күн. Бұл мереке ұлттық мәдениетті дәріптеу, ата-бабамыздан мұра болып қалған дәстүрлі киім үлгілерін насихаттау мақсатында белгіленген. Осы күні қазақ халқының ұлттық киімдерін-шапан,камзол, сәукеле, тымақ, мәсі сияқты киімдерді киіп, ұлттық нақыштағы сән үлгілерін көрсету дәстүрге айналуда. Әсіресе, мектептерде , университеттерде, мәдени мекемелерде арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлттық киімнің тарихы мен маңызы