Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 23.10.2023
Ас мәзірі 23.10.2023ж
23
қазан
2023
Ас мәзірі 23.10.2023ж
№172 мектеп-гимназиясының 23.10.2023 ж күні тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына берілетін тағамдардың мәзірі       
Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  Әнұраны
23
қазан
2023
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
 Республика күніне орай №172 мектеп-гимназиясында білім алушылар мен педагогтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Әнұранын орындады. Мақсаты: Білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету.  
“Айтыс - сөздің майданы”
23
қазан
2023
“Айтыс - сөздің майданы”
  20.10.2023ж күні республика күніне орай ұйымдастырылған “Айтыс - сөздің майданы” атты қалалық жас ақындар айтысына 10 “а” сынып оқушысы Сауытқан Айбарыс қатысып, жүлделі І орын иеленді. Ақындар айтысының мақсаты: Оқушыларға ұлттық рухани құндылықтар негізінде ғибрат беру, ұлттық өнеріміздің және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жетекшісі: Арипбаева Сандуғаш. Құттықтаймыз!   
Республика күні
23
қазан
2023
Республика күні
   №172 мектеп-гимназиясының “Өзін-өзі басқару” ұйымы @tjli_talgar жолдаған эстафетаны қабыл ала отырып, баршаңызды ең ұлық мереке - Республика күнімен құттықтайды. Бұл мереке еліміздің еркіндігін, қуаттылығын және гүлденуін білдіреді. Әрқашан аспанымыз ашық, жұртымыз аман, елімізде тек бейбітшілік пен тыныштық болсын!  
“Бір отбасы-бір кітап”
23
қазан
2023
“Бір отбасы-бір кітап”
  №172 мектеп-гимназиясында  “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында «Кітап - ақыл ойдың қазынасы» атты “Бір отбасы-бір кітап” акциясы ұйымдастырылды. 🔹Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда отбасындағы ересектерден алған үлгіге байланысты екеніне ата- ананың көзін жеткізу мақсатында өткен акцияға мектеп оқушылары мен ата- аналары белсене қатысты. 🔹Акцияның
«Менің Қазақстаным» ұстаздар арасында ақындар айтысы
23
қазан
2023
«Менің Қазақстаным» ұстаздар арасында ақындар айтысы
18.09-24.10.2023 күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “ Ақындар айтысы” сайысы аясында «Менің Қазақстаным» атты ұстаздар арасында ақындар айтысы өтті. Айтыстың мақсаты:  Мектеп ұстаздарының шығармашылық қабілетін анықтау, оларға рухани әлеуметтік қолдау көрсету;  Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті, ұлтжандылықты арттыру, елімізді дамытуға, көркейтуге қосқан және қосар үлестеріміз туралы айту. Ұйымдастырушы: Такишева Алмагүл
Ашық тәрбие сағаты
23
қазан
2023
Ашық тәрбие сағаты
  Республика күніне орай мектебімізде 1-11 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екендігін түсіндіру; Оқушылардың бойындағы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру және патриотизмге тәрбиелеу.