М.Мақатаев "АМАНАТ"
№ 172 мектеп-гимназиясында қаңтар-ақпан айының айлық іс-шаралар жоспарына сай 8 “е” сынып оқушыларымен ақиық ақын М.Мақатаевтің "АМАНАТ" кітабына оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Шара ұйымдастырушысы: кітапхана меңгерушісі Д.С.Қожамбердиева. Мақсаты: Мұзбалақ ақын Мұқағалидің шығармашылығын өскелең ұрпаққа дәріптеу. Білім алушылардың поэзияға, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.