Алматы қаласы Білім басқармасының
«№№172 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 239-37-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 382-81-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 17.09.2025
Жас маман – сенім жолында
17
қыркүйек
2025
Жас маман – сенім жолында
Мектебімізде жас мамандарға арналған семинар жоғары деңгейде өтті. Семинарды өткізген психолог мамандарымыз – Гүлнара Нурлыханқызы, Лира Бейсакимқызы және Әсем Екібаеваға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл басқосу жас ұстаздарға өзін тереңірек танып, шабыттанып, сергек көңілмен оралуға жол ашты. Осындай рухани дем беретін кездесулер жас мамандардың кәсіби жолына сенім сыйлап, шығармашылыққа қанат бітіреді. Жас мамандар үшін бұл кездесу – кәсіби дамуға тың серпін берген құнды басқосу болды.
Баланың бас ұстазы – ата-ана
17
қыркүйек
2025
Баланың бас ұстазы – ата-ана
Мектебімізде 1-сынып ата-аналарының жиналысы өтті.Жиналыста ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс, оқу-тәрбие процесіндегі өзара қолдау мәселелері талқыланды. «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында өткен басқосу жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі болып өсуінде ата-ананың орны ерекше екенін тағы бір дәлелдеді. Мектеп пен ата-ана – бала үшін әрқашан серіктес! https://www.instagram.com/p/DOrIG-gDOhF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MXFtYTBmdmhxbmh2aw==
Ас мәзірі 17.09.2025ж
17
қыркүйек
2025
Ас мәзірі 17.09.2025ж
№172 мектеп-гимназиясының тегін ыстық тамақ ішетін оқушыларына арналған ас мәзірі  
Кітап оқу марафоны
17
қыркүйек
2025
Кітап оқу марафоны
Құрметті 4-сынып оқушылары! 18–21 қыркүйек аралығында өтетін кітап оқу марафонына сіздерді шақырамыз! Марафон барысында: ✅ Қызықты шығармалармен танысамыз ✅ Оқыған кітаптардан үзінділер оқимыз ✅ Талдау жасап, ой бөлісеміз 📖 Кітап – білім бұлағы, ал оқу – рухани байлыққа бастайтын жол! Барлық 4-сынып оқушыларын белсенді қатысуға шақырамыз!