"Топ 10 уағызша"
Ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизмнің алдын алу мақсатында "Топ 10 уағызша" тақырыбы бойынша оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға интернет желісінде таралатын радикалды көзқарастардың қауіптілігі,дін туралы дұрыс ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, діни сауаттылықты арттыру мен экстремизмнің алдын алудағы жеке жауапкершілік жайлы әңгіме қозғалды.